Шымкентте үшем дүниеге келді
Шымкентте үшем дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары. 8 тамызда кесір тілігі жасалып, босандырып алынған 37 жастағы Арайлым Сарсенбекова үшеммен бірге күні кеше үйіне шығарылды.
"Сәбилердің денсаулығында ақау жоқ. Анасымен бірге үшем нәрестелер күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда боды. Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы", – дейді дәрігерлер.
Сарсенбековтер әулетінде дүниеге келген үшемге туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есім берген.
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр