Шымкентте Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектескен оқушы марапатталды
Түркияда зардап шеккендерге көмектесуге үлес қосқан шымкенттік бесінші сынып оқушысы марапатталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13 жастағы Павел Падров ата-анасы түскі ас ішуге берген ақшаны жақсылыққа жұмсады. Ол макарон сатып алып, жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау орнына апарған.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов оқушыға премьер-министр Әлихан Смайыловтың атынан алғыс хат табыстап, жасөспірімге естелік сыйлықтар берді. Қала басшысы Павелдің әрекетін үлгі деп атады.
"Қайырымдылық акциясына үлес қосқан оқушыға алғысымызды білдіре отырып, анасы Кристина Падроваға Қазақстан Республикасының премьер-министрі А.Смайыловтың атынан алғыс хат табыстап, сый-сыяпат көрсеттік. Жүрегі мейірімге толы жасөспірімнің құнды қасиеті барша жастарға үлгі боларлық іс.", – деп жазды Әйтенов өз парақшасында.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады