Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тегін таратылуы керек болған дәрілерді сатқандардың ісі әшкере болды

Шымкентте халыққа тегін таратылуы қажет дәрілерді сатқан азаматтар құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

дәрі

Шымкент қаласының полиция департаменті қала аумағында карантин уақытында дәріханаларға рейд жүргізіліпті. Шара нәтижесінде, дәріхана қызметкерлері мен қаланың басқа да тұрғындары жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді қымбатқа сатып келгені анықталыпты. Бұл дәрілер негізінен тегін таратылуы қажет болған.  Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жағдайы тіркелген.

"Жедел іс-шаралар барысында Әлімқұлов көшесі, бес үйдің ауласында үш қойма анықталды. Онда тексеру барысында полиция қызметкерлерімен шақырылған фармацевт мамандарға қойма иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсетті. Алайда бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны туралы фармацевт мамандар баяндады. Аталған қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған. Фармацевт мамандар қоймада анықталған дәрі-дәремкті үш топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді", - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін карантин кезінде тегін дәріні қалай алуға болатыны айтылған еді. 
 

Талқылау