Шымкентте танымал сауда белгісінің атын жамылған 48 мың жалған тәтті анықталды
Шымкентте танымал "Nestle" маркасының 48 мың жалған тәттісі тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: OTYRAR.KZ
Тауарлар "Kit Kat" және "Nesquik” сынды танымал брендтердің атын жамылған.
Жалған өнімді Шымкентте “Б” ЖШС компаниясы көтерме сауда арқылы сатып, таратқан. Тексеріс "Nestle S.A." компаниясы арызданғандықтан жасалды.
“Қазір іс материалдарын Шымкент қаласы әділет департаменті қарап жатыр. Тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін компания иесін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – делінген әділет министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
Құқық иесіне келтірілген шығын көлеміне қарай іс материалдар сотқа немесе экономикалық тергеулер қызметіне жіберіледі. Айыпты тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"