Шымкентте Дендросаябақ басшысы 14 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп айыпталды
Шымкентте дендросаябақ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.
Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.
Қылмыстық істі қала прокуратурасы сотқа жіберді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар