Шымкентте мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді
Шымкент қалалық білім басқармасы 2 ақпан күні қала мектептеріндегі 0-8 сынып оқушылары қашықтан оқитынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Басқарманың мәліметінше, мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.
"Шымкент қаласы бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты 2024 жылы 2 ақпан күні 0-8 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз. 9-11 сынып оқушылары дәстүрлі түрде мектепке барып (оффлайн) оқитын болады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 5 облысында жолдар жабылғаны туралы жазған едік.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"