Шымкентте мектеп құрылысын салу кезінде 5,5 млн теңге ұрланған
Қаржылық мониторинг агенттігі мектеп құрылысы кезіндегі қаражатты жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 млн теңгені жымқыру дерегін анықтады.
Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша жаңа оқу жылына дайындық мақсатында білім мекемелерінде құрылыс және жөндеу жұмысы белсенді жүріп жатыр.
Айта кету керек, бұл мақсаттарға бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінеді, оның көлемі жыл сайын артып келеді.
Ал білім нысандары адал емес мердігерлер үшін "қаражат көзі" болып табылады.
Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтермен есеп ұсынғаны белгілі болды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар