Шымкентте Lego ойыншықтарының көшірмесін сатқан адам жауапқа тартылды
Шымкентте LEGO сауда маркасы бар конструкторларды сатқан ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамнан 70 жалған қорап тәркіленді.
Ол Қытайдан ойыншық дизайнының көшірмесін алған. Айналымға заңсыз енгізілген тауарды өткізген азаматқа қатысты шешім шықты.
"Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қаулы етті. "БН Элитгрупп" ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылсын және 103 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынсын. Айыппұлды төлеуге 30 күнге дейінгі мерзім белгіленсін. Сот қаулысына наразы тараптың 10 тәулік ішінде шағымдануға құқығы бар", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Зияткерлік құқық иесі LEGO сауда белгісін әлдекімнің заңсыз пайдаланғанын айтып, шағымданды. Оған жүз мың теңге залал келген.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған