Шымкентте қоқыстан әйелдің мәйіті табылды: Оны өлтірді деген күдікті ұсталды
Шымкентте денесі қоқыстан табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Шымкент полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1 тармағы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
- “Ағамды аяусыз азаптады": Абақтыда көз жұмған Алматы тұрғынының өліміне туыстары полицияны кінәлайды
Айта кетейік, қоқыстан табылған әйел 35 жаста болған. Оның мүрдесін жергілікті тұрғындардың бірі кездейсоқ тауып алыпты. Қоқыстан нан қалдығын көрген әйел оны үй жануарына алмақ болады. Сонда әйелдің мүрдесі салынған сөмкені байқайды. Мәйіт көрпеге оралып салынған.
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің бет-аузы қан-жоса, соққыға жығылғаны байқалады.