Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қылмыстық топ көңіл көтеру орындарына "қамқорлық" көрсетіп келген

Ішкі істер министрлігі Шымкентте жыл басынан бері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан астам топ ұсталғанын мәлімдеді. Олардың бірі көңіл көтеру орындарына қылмыстық қамқорлық көрсетіп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

қылмыстық топ

Видеодан скриншот

ІІМ мәліметіне сәйкес, 8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсеткен жастар тобын ұстаған. Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды.

11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталыпты. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін ақша алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым көрсеткен. Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. 

“Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Өңірлерде “заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Талқылау