Шымкентте ғимараттың төбесі құлап, үш адам мерт болды
Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат құлады, үш адам қаза тапты.

Апат туралы төтенше жағдайлар департаментіне сенбі, 13 ақпанда хабарланды. Еңбекші ауданындағы Қапал батыр автожолының бойында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында ғимараттың төбесі құлап түсті, деп жазады «Отырар» басылымы.
Бес қабатты ғимаратта бесінші қабаттың темір бетон плиталарының 625 шаршы метрі құлады. Ғимарат жұмысқа жарамсыз, жалпы ауданы екі мың шаршы метр.
Оқиға орнына жедел құтқару отрядының құтқарушылары, апаттар медицинасы орталығының бригадасы және кинологиялық экипаж тартылды. Кинологтар үйінділердің астынан 1967, 1992 және 1999 жылы туылған үш ер адамның денесін тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың бірі күзетші болып жұмыс істесе, қалғандары иесіз дүкеннің металл құрылымдарын бөлшектеумен айналысқан.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”