Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте "Фосфорник" сарайының төбесі құлап, 18 жастағы студент көз жұмды

Шымкент қалалық әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек "Фосфорник" сарайының төбесі құлауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәрсен Құранбектің айтуынша, қайғылы оқиға ғимараттың 3-қабатында болған. Ғимараттың төбесі құлаған кезде ішінде жігіт болған.

"Бұл шамамен 20:00-де болды. Төтенше жағдайлар департаменті және басқа да органдар қажетті шараларды қабылдады. Мұнда жастар жиі келеді, жақында сериал түсірілген. Түрлі видеолар түсіреді", – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Бұл сарай ұзақ жылдар бойы кәсіпкер Тоқтар Төлешевке тиесілі болды. Ұзаққа созылған сот процестерінен кейін ғимарат 13 қарашада ресми мемлекет балансына берілді. Сол кезде нысанның жағдайы өте нашар болғаны айтылған. Төбелері жоқ болып, металдар кесілген.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ғимарат алдағы уақытта көпсалалы жастар сарайы болып қайта жаңғыртылатынын айтқан еді. Енді мамандар қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауы керек.

Талқылау