Шымкентте есірткі тасымалдаған студенттер ұсталды
Шымкентте полиция қызметкерлері есірткі таратқан сегіз азаматты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

3 сәуірде Шымкент қалалық полиция бөлімінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері қалада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында синтетикалық есірткі таратып жүрген сегіз азаматты ұстады. Олардың көпшілігі студенттер. Ұсталғандардың төртеуі қыздар болып шықты», - делінген хабарламада ҚР ІІМ ресми сайтында.
Хабарламада айтылғандай, олардың барлығы белгілі бір ақшаға әлеуметтік желілер арқылы синтетикалық есірткі саудасына қатысты нұсқаулар алған.
"Олардың міндеті - алдын-ала дайындалған есірткі заттарды жасырынған жерлерге қою керек болған. Барлық іс-шаралар түнде жасалды. Себебі олардың бір-біріне берген фотосуреттері түнде түсірілген", - делінген хабарламада.
Тексеру кезінде полиэтиленді сым қабына 116 дана көлемінде жасырылған синтетикалық есірткі тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған азаматтардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр