Шымкентте ер адам ұлын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді
Шымкентте әйел үйден ұлының қанға бөккен денесін тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кей БАҚ мәліметінше, әкесі ұлын бауыздап тастаған. Оқиға 1 желтоқсан күні таңертең орын алған.
"Қаратау ауданындағы оқиға орнында жедел-тергеу тобы бауыздалған 28 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді анықтау және ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануда", – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.
Күдікті психиатрлық есепте тұр.
ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Талқылау
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.