Шымкентте ер адам мүгедектерге арналған пандусты ұрлап кеткен
Шымкентте сұлулық салонының баспалдағына орнатылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған темір пандусты әлдекімдер ұрлып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер ұрының ізін бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
Ол қамауға алынып, полицияға жеткізілді. Ер адам ұрланған заттарды темір сынықтары ретінде өткізіп жіберген.
Ұрлық фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша ішкі істер органдарына тіркелді.
Бұл бап бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады