Шымкентте джип жүргізуші полицейді қағып кетті (видео)
Шымкенттегі жол қиылысында полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті. Жүргізуші қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу басталды.
18 сәуірде джип жүргізушісі Бәйдібек би мен Төлеметева көшелерінің қиылысында тұрған полиция қызметкерін қағып кетті.
Оқиға орнында болған жағдай Polisia.kz порталын жариялады.
Зардап шеккен полицейдің жағдайы орташа ауырлықта. Күдікті ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы (Төтенше жағдай жарияланған жерде мемлекеттік қызметшіге қатысты күш қолдану) бойынша қозғалды.
Кінәлі жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Көлік тұраққа жіберілді.
Оқи отырыңыз
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар