Шымкентте дәстүрлі санақ: Интервьюерлер үйлерді аралауда
Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында дәстүрлі санақ жұмыстары 1 қазанда басталған болатын. Бүгінде аудан аумағы 28 учаскіге бөлініп, онда орам басқарушылары мен еріктілерден құралған 28 нұсқаушы-бақылаушы мен 192 интервьюер жұмыс атқаруда.

Аудан әкімі Рашид Мыңбаев көпқабатты және жеке үйлерге санақшылармен бірге барып, тұрғындарды санаққа тіркеу процесін жіті бақылады. Аудан әкімі азаматтарға елімізде өтіп жатқан демографиялық және саяси маңызды іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.
Одан бөлек, Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланатын 10 нүктеде тұрғындардың онлайн санақтан өтуі үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, санақшылар азаматтарға арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіруде.
“Қала тұрғындарына санақшыларға ашық мәлімет ұсынып, санақтың әділ өтуіне ықпал етуін сұраймыз”, – деді әкімдік өкілдері.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді