Босанған әйелдер дәрі қобдишасы беріледі деп үміттенген, алайда берілмеді: Шымкентте дәрігерлер жазаланды
Шымкентте перзентханадан шығарылған әйелдерге ана мен бала дәріханаларын бермегені үшін дәрігерлер жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қала прокуратурасының мәліметінше талдау жүргізу кезінде қадағалау органының қызметкерлері анықтағандай, 2763 босанған әйел бұл дәрі қобдишаларынсыз шыққан. Прокуратураның араласуынан кейін оларға тиісті медициналық құралдар берілді.
“№2 қалалық аурухананың бас дәрігері фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бес медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды”, – деді Шымкент қаласының прокуратурасы.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен