Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді
Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.

Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды.
Қойылымдардың күні мен уақыты:
26 қазан күні, сағат 15:00-де "Жаңаталап" мәдениет үйі
27 қазан күні, сағат 15:00-де "Шапырашты" мәдениет үйі
29 қазан күні, сағат 15:00-де "Сайрам мәдениет" үйі
Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.
"Түнімен жұмыс істетіп, ұйықтатпайтын": Қазақстандық студенттер ЖОО жатақханаларында көрген әлімжеттігін айтты
Айбек бұл оқиғалардан күзетшілерден бастап оқытушыларға дейін хабардар болғанын айтты
Қазақстанда 10 жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді: Салыстырып көрдік
2015 жылы 13 мың теңгеге не алуға болатын еді? Қазақстанда 11 жылда тауарлар қаншаға қымбаттады?