Шымкентте бірден 400-ге жуық көшенің атауы өзгертілмек
Шымкентте 400-ге жуық көшенің атауын өзгерту және атаулар беру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент әкімдігі "Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" қалалық мәслихаттың қаулысы мен шешімінің жобасын жариялады. Құжатта қаланың бірқатар көшелері мен шағын аудандарының атауын өзгерту, сондай-ақ кейбір атаусыз көшелерге атау беру ұсынылады.
Жобада Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші және Тұран аудандарындағы 90 көше мен бір шағын ауданның атауын өзгерту көзделген. Аталмыш аудандардағы 290-нан астам атаусыз көшелер мен ықшамаудандарға да атау беру жоспарлануда. Әл-Фараби мен Тұран аудандарында алты көше атауының транскрипциясы өзгереді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті