Шымкентте бір жасар сәби үшінші қабаттан құлап кетті
Шымкентте бір жасар сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Үлкендердің қарауынсыз қалған бала үшінші қабаттан құлап, ауруханаға ауыр халде жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

"Оқиға Қаратау ауданының Тұран ықшам ауданында, 5 қабатты тұрғын үйде болған. Үлкендердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған сәби үшінші қабаттан құлап, ауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр). Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты", – деп хабарланды ведомстводан.
ТЖД хабарлауынша, осымен үшінші бала терезеден құлап кетіп отыр. Қуанышқа қарай, үшеуі де дін аман. Дегенмен мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық