Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте балаларды "ине саламын" деп қорқытқан тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте балаларды инемен қорқытқан тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалдыФото: Видеодан скрин

Шымкенттегі №59 “Айша” мемлекеттік бөбекжайында тәрбиеші балаларды инемен қорқытып, ұйқыға жатқызған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде балабақшаның жатын бөлмесіндегі камерадан түсірілген видео жариялады. Видеодан тәрбиешінің балаларды шприцпен қорқытып, ұйықтатып жатқанын көруге болады.

Видеодағы балаларға қатыгездік танытқанын көрген ата-аналар ашуланып, көзіне жас алды. Олар тәрбиеші балаларды инемен қорқытып, психологиялық жарақат салды деп шағымданды.

“Біз балаларымызды қайда жібергенбіз”, – дейді ата-аналар.

Шымкент қаласының білім басқармасы орынбасары Күлзина Уалиханова видеода “Бәйтерек” бөбекжайындағы тәрбиешінің әрекетін ақтау алуға келмейтінін айтты.

Оқиға бойынша жедел кеңес өткізілген. Кеңеске прокуратура, полиция, қалалық білім басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлері, балабақша ұжымы және ата-аналар қатысты.

Шымкент полиция департаменті ата-аналардың шағымынан кейін тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Қазір іс бойынша барлық мән-жайды толық, объективті және жан-жақты анықтау үшін жедел және кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар білім басқармасына балабақшаның басшысын қызметінен уақытша босату және тәрбиешіні жұмыстан шығару ұсынылды.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 09:47