Шымкентте ағасы бүлдіршінді 3-қабаттан лақтырып жіберген
Шымкентте 40 жастағы ер адам бүлдіршінді 3-қабатта орналасқан пәтер терезесінен лақтырып жіберген. Деректерге сай қазір баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет Оtyrar.kz-тен
Оқиға кешкі сағат тоғыздар шамасында Иляев көшесіндегі бір үйде болған. Көршілер мен куәгерлер дәрігерлерге сәбиді терезеден лақтырған ер адамның оның туысы екенін айтып берген. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы азамат психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады екен.
Жантүршігерлік әрекетке не себеп болғаны және ата-анасының неліктен баласын психикалық аурумен ауыратын туысқанына қалдырғаны әлі белгісіз. Қазір полицейлер мән-жайды анықтауда.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша 99-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Әртүрлі дене жарақаттарымен бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. 40 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.