Көліктен оқ жаудырған: Шымкентте 17 жастағы бозбаланы атып кетті

Шымкентте жаңа жыл мерекесіне орай берілген демалыс кезінде атыс орын алды. Алтыншы қаңтар күні кешкісін қалалық ауруханаға екі жігіт келген. Олардың бірі 17 жасар бозбалаға тапаншадан бірнеше оқ атылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қала сыртына шығарып, атпақ болған: Ақтөбеде 100-ге жуық қызметкерді өлтірмек болғандар сотталды

Зардап шеккен жасөспірім әлі ауруханадан шықпапты. Оның аяғының бірнеше жеріне оқ тиген, оған қоса бозбала болған жайттан қатты есеңгіреп қалған. 

"Емханада жігітке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Жарақаттан аққан қан дер кезінде тоқтатылды. Қазіргі таңда ол ем қабылдап жатыр, аурухана бөлімшесенен шығарылған жоқ. Жағдайы тұрақты", - деді қалалық ауруханының хирург маманы Алмаз Байбеков. 

Атыс №9 мектептің маңайында орын алған. Жарақат алған баланың ата-аналары пікір білдіруден бас тартыпты. ПД қызметкерелінің хабарлауынша, оқ атқан кезде Hyundai Accent маркалы көліктің жүргізушісі мен бір жолаушы темір тұлпарды ішінде отырған. 

"Аталған оқиғаға байланысты бірден 3 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атап айтсақ: "Адам өміріне қиянат жасау", "Бұзақылық" және "Қаруды заңсыз пайдалану", Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іске қатысы бар азаматтар қолға түсті", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД-нің ресми өкілі Әсел Сәденова. 

Бозбаланы ауруханаға оның ағасы алып келген. Оның айтуынша, белігісіз біреулер  Ғани Иляев көшесінде орналасқан "Динамо" алаңында кқліктің ішінен оқ жаудырған. Өкінішке орай, олар көліктің нөмерін естерінде сақтап қалмапты. 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ол кісілер болмаса, қиналып қаламын": Гүлшарат Жұбаева ата-енесінің ерекше ықыласы туралы

Актриса бәріне үлгерудің құпиясын бөлісті

Дәрігерлер үйіне жіберген: Bek Air ұшқышының неден өлгені айтылды

Мамандар жүрегінен еш ақау байқамағанын айтады

Бір жасар қызды туыстары ұрып өлтірген

Дәл қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Еңбек министрлігі әйелдердің неліктен ерлерге қарағанда зейнетке көп ақша жинау керектігін түсіндірді

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін есептеу туралы айтты

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

Қазақстанда коронавирустің жаңа түрінің таралуы туралы қауесет расталмады

Қазақстан Fed Cup-ты қабылдамады: Теннис матчы Қытайда өтуі тиіс болған

Матчты Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру ұсынылған еді

Қытайға пойыздар мен автобустардың қозғалысы тоқтатылады

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде хабарлады

Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қыздың Гонконг тұмауымен ауыратыны анықталды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері: Қызда H3N2 тұмауы бар. Бұл анық

Сарапшылар қытайлық коронавирустың Қазақстан экономикасына әсерін айтты

Коронавирус індетінің әлемдік экономикаға теріс әсері күшті болады

Алматы полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Бұл орындағы Серік Күдебаев басқа қызметке ауысты
Çàãðóçêà...