Шымкентте 20 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді
Шымкентте 10 қаңтарда 20 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді. Ата-анасы үшемге Айлу, Саллахаддин, Аль-Сафи деген есім беріпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау департаменті
Бұл – Шымкентте бір айдың ішінде дүниеге келген екінші үшем.
Жас ананы 10 қаңтар күні қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы 1925, 1625, 1900 грамм, бойы 43-47 см аралығында.
Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Біршама уақыт дәрігер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.
Еске салсақ, бұған дейін астаналық әйелдің егіз баладан кейін үшем дүниеге әкелгені туралы жазған едік.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда