Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 12 жастағы қыз сегізінші қабаттан құлап мерт болды

12 жастағы жеткіншек абайсызда 8-қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқыс оқиға Шымкентте болды. Түрлі дене жарақатын алған бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оны өлімнен аман алып қалу мүмкін болмады. Себебі, оқушының бас сүйегі сынып, кеуде және ішкі қуыстары қатты зақымданған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Қайғылы оқиға «Шымсити» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 12 жастағы жеткіншек терезеден абайсызда құлап кетіпті. Жедел жәрдем жеткенде, ол тірі болған. Дереу №1-ші клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылыпты.

"Келіп түскендегі диагнозы, бас миының сотресениясы, одан кейін, бас ми жарақаты, перелом оснавание черепа, разрыв внутренных органов внутренных кровтечение, шоковый состояние. Осы жағдайда түскен", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов. 

Құрамында реаниматолог, хирург және травматолог дәрігерлері бар кезекші топ консилиум жасап, шұғыл түрде реанимациялық шаралар қабылдаған. Осы уақыт ішінде кішкентай науқастың жүрегі екі рет тоқтапты. Жан-жақты дәрігерлік көмек көрсетілгенімен, баланы өлімнен аман алып қалу мүмкін болмады. Ауруханаға түскен соң 3 сағаттан кейін бала көз жұмған.

"2 рет жүрегі тоқтады. 2 рет реанимация болды. Яғни, реанимация бөлімшесінде көрсетілген реанимациялық көмектерге қарамастан сағат 00:45-те өкінішке қарай, бала қайтыс болды", - деді Бақытжан Позилов. 

Жеткіншектің ата-анасымен сөйлесу мүмкін болмады. Көршілердің сөзінше, олар ажырасып кетіпті.Марқұм шаңырықтың үлкені көрінеді. Енді анасының жанында жалғыз қарындасы қалды.

Талқылау