Шымкентте 11 жастағы қыз өзендегі құбырдан құлап, суға батып кетті
Шымкентте 11 жастағы қыз абайсызда Бадам өзенініндегі құбырдан құлап кеткен. Жүзуді білмейтін жеткіншек суға батып, жантәсілім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған.
Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
"Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына тапсырды", – делінген хабарламада.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған