Шымкентке LRT салу жоспарлануда
Шымкентте 2035 жылға қарай жеңіл рельсті көлік жүйесі салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов LRT құрылысы бас жоспарға енгізілгенін айтты. Дегенмен нақты шешім сызбалар әзірленгеннен кейін ғана қабылданады. Жобаны жүзеге асыру инвесторлар мен бюджеттік мүмкіндіктерді табуға байланысты болады.
"Биыл халық санының өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Қала тұрғындарына өз ұсыныстарын айту үшін бір ай мерзім бердік. Өздеріңіз көріп отырғандай LRT, BRT қосу туралы ұсыныстар айтылған.
Мамандардың айтуынша, миллионнан астам қалаға баламалы көлік түрі қажет. Қазір олар LRT және BRT сызбаларын дайындап жатыр. Ол қалай байланыстырылады, бұл мәселені алдағы уақытта үкіметпен талқылайтын боламыз", – деді Мұрат Айтенов.
Талқылау
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді
Әйел бұған дейін тағы бір АҚШ азаматымен отбасын құрғаны және оған да физикалық күш қолданғаны жөнінде дерек бар
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең