Шымкент тұрғындары арықта жатқан әйелдің мүрдесін тапты
Шымкент тұрғындары қаладағы арықта жатқан әйелдің мәйітін тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Белгісіз әйелдің денесі Асар ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің маңынан табылған. Куәгерлер дереу полиция шақыртқан. Айтуларынша, марқұм қаңғыбас әйелге ұқсамайды, үстіне футболка мен пижама киілген.
Кейіннен әйелдің 39 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны екені белгілі болыпты. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері байқалмаған. Алдағы уақытта оның неден қаза тапқаны анықталады.
"Бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Өлім себебін анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесіне орай процессуалдық шешім шығарылады", - деді Шымкент қалалық ПД өкілдері.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды