Шымкент қаласының әкімі Махмуд Сабырханға пәтер кілтін табыстады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмуд Сабырханға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: tagabai_kasymov_88 Instagram парақшасынан
Мұрат Айтенов боксшыға Шымкент қаласынан бір бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Махмуд Сабырхан финалда жапониялық Томое Цубоймен жұдырықтасқан. Алайда жеңіліс тауып, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған.
Сербияда өткен әлем чемпионатынан кейін ресейлік басылымдар Сабырханды "Қазақстандық Ломаченко" деп бағалаған еді.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”