Шымкент қаласында карантин екі аптаға ұзарды
Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жұмабек Ержанов қала аумағында карантин мен шектеу шараларын екі аптаға ұзарту туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында қаулы етемін: Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдардың жаппай жиналуына байланысты (еске алу, той, мерейтой және т.б.) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
65 жастан асқан адамдарға қала бойынша қозғалысты шектеу тапсырылды. Маска режимін және екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды