Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды
Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Исахов жемқорлық жасады деп күдікке ілінді.
"21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исаховқа қатысты екі айға қамауға алу шарасын таңдады", – делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған