Шығыс Қазақстанда қар көшкінінен екі альпинист қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Көккөл көлінің маңындағы Белуха тауында туристік жолды нығайту жұмыстары кезінде қар көшкіні болып, екі альпинист қаза тапты, тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 10 шамасында болған. Оқиға салдарынан 1992 және 1988 жылы туған екі ер адам қаза тауып, 1990 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы зардап шекті. Тағы бір 32 жастағы альпинист аман қалды.
Оқиға болған аумаққа МИ-8 "Қазавиапас" тікұшағымен ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді.
Құтқарушылар тікұшақ бортында екі қаза болған екі азаматтың денесін, аман қалған альпинист және жарақат алған ер адамды алып шықты, жарақан алған азаматқа дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. 3000 метр биіктікте құтқару операциясын жүргізу үшін тікұшақпен бірнеше рет ұшу қажет болған.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды