Шығыс Қазақстан облысында 46 жастағы әйел мұғалім әкім болды
Маусымның соңғы күндерінде Серебрянск қаласының және Прибрежный кентінің әкімін тағайындау үшін сайлау өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Моноқала тарихында алғаш рет әйел әкім болды.
26 маусымда Ернар Мұстафин Серебрянск тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Жаңа әкім Нұргүл Бақынова бұрын Парыгин ауылдық округінің әкімі болған.
Нұргүл Асанқызы Бақынова 46 жаста, Аягөз қаласынан шыққан. Ол жас кезінен мұғалімдікпен айналысты, 2020 жылға дейін білім беру саласында болған. Шығыс Қазақстанның мектептері мен университеттерінде сабақ берген. Соңғы рет Полянское ауылындағы Первороссийск орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
2020 жылдың маусым айынан бастап Парыгин ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Биыл өзін Серебрянск басшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсынды. Көпшілік дауыс Нұргүл Асанқызына берілді.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”