Шығын – 1,2 миллиард теңге: Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сатқандар ұсталды
Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтағандар мемлекетке 1 миллиард 284 миллион 816 мың теңге шығын келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
6 маусымда Жетісу облысы бойынша полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, шекара қызметі мен ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың бөліктері мен дериваттарымен заңсыз айналысқан күдіктіні ұстады.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Панфилов ауданының аумағында 39 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде үйдің шатырынан скочтпен оралған 7 картон қорап табылды. Бұл қораптардың ішінде 464 ақбөкен мүйізі болған”, – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.
Мүйіздердің шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын – 1 миллиард 284 миллион 816 мың теңге.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"