Шетел азаматынан 20 тоннадан астам контрабандалық темекі тәркіленді
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент қызметкерлері шетелдік азаматқа қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Шетел азаматы Қазақстанға 22 тонна контрабандалық темекі кіргізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі контрабандалық темекінің Қазақстан аумағына "жалған транзит" жүйесі арқылы кіргізілгенін мәлімдеді.
"Алдын ала құрылған қылмыстық жоспар бойынша қылмыскер темекі тиелген жүк көлігін жүргізген. Ол Қазақстан аумағындағы "Құрық" порты арқылы Әзірбайжаннан келген тауарды Ауғанстанға жіберетіні туралы айтқан. Алайда азамат Алматы облысы аумағында тауарды заңсыз түсірген жерінен тұтқындалды", – деп түсіндірді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң барлық материалдар сотқа жіберіледі. Тұтқынға алынған шетел азаматы экономикалық контрабандамен шұғылданғаны дәлелденген.
Мұғалімнің қысымынан көз жұмды деген Ясминаның соңғы хабарламалары жарияланды
Айтуынша, Ясмина жігітпен қарым-қатынасын тоқтатқанын, сөйлеспейтінін айтып, мұғалімнен үнемі кешірім сұрап келген
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді