"Шешімді өзің қабылдамайсың": Балжан Бидаш сахнаға неге шықпай кеткенін түсіндірді
КешYou тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш тұрмыс құрғалы сахнадан көрінбейді. Ақ келін атанған Балжан әншіліктен қол үзіп, белсенді блогерге айналды. Сөзінше, той аралап, гастрольдетіп жүруіне өмірлік серігі қарсы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram оқырмандарының бірі Балжаннан сахнаға оралу жайында сұрады. Бидаш бұл сұраққа жауап беруге қиналатынын жеткізді.
"Қиын сұрақ. Уақыт көрсетеді. Сүйікті жар болғаннан кейін, шешімді өзің таңдап кете алмайсың. Өмір бойы бірге өмір сүргің келіп таңдаған адамның да ойын тыңдайсың.
Графикпен жүретін карьера қуалағым келмейді. Алла берген талантты тұншықтырмасам болды. Өмірде басқа да маңызды нәрселер бар. Қолымнан келіп тұрған соң, бір жетістікке жеткім келеді. Халық тыңдайтын жасы әндерім болып, анда-санда үлкен сахнада сіздермен қауышып тұрғым келеді. А былай үйде болмай, той-гастроль, анда мұнда ұшып жүруді қаламаймын. Әйел болған соң, миссиямыз бар емес пе? Өзімді басқа отбасылы әнші қыздармен салыстырмаймын. Әр адамның жолы әртүрлі", – деп түсіндірді ол.
Ал сахнаға шығуына қарсылық білдіріп жүрген Отарғалиевтің мінезін Бидаш былай деп түсіндірді:
"Қатал. Әр адамның ойлағаны болады. Ол айтады – жасайды! Еркек болған соң қызғанады. Сыйлауға тұрарлық жан. Айтпақшы, Жаханның ең жақсы қасиеті – жомарттық, ақкөңіл мінезі, кек сақтамайды. Мұны жанында жүргендер өте жақсы біледі".