Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шындық ешкімге керек емес": Бишімбаев сот үкімімен келіспейтінін айтты

Әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев үкіммен келіспейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Бишімбаев үкімнің жойылуын талап еткен адвокаттарының ұстанымын қолдады. Ол сотта өзін қорғауға ешқандай мүмкіндік берілмеді деп отыр.

"Айтылған барлық нәрсені қолдаймын. Маған дәлел келтіруге мүмкіндік бермеді, мұны сотта бірнеше рет айттым. Іс материалдарымен танысып шығуға да мүмкіндік берілмеді. Менің түсінуімше, шындық ешкімге керек емес. Шешім алдын ала шығарылып қойды", – деді ол.

Ал Айтбек Амангелді бұрынғы үкім күшінде қалады деп үміттеніп отыр.

"Олар кез келген нәрсені қалауы мүмкін. Бүгін бәрі шешіледі деп үміттенеміз. Бүгін түстен кейін барлығы жиналады, есеп береді, сөз сөйлейді. Бұл алғашқы күндердегідей емес созылмай, қысқа болады деп үміттенемін. Меніңше, ешқандай өзгеріс болмайды. Болмаса, бізді Жоғарғы сот күтіп тұр. Олар оған жүгінетін сияқты, себебі бұл – олардың құқығы", – деді Амангелді.

Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Адвокат Ғазымжанов Бишімбаевтардың жазаны жеңілдету үшін ешкімге қаражат жібермегенін айтты. Сондай-ақ Бишімбаевтың адвокаттары судья Құлбаеваны жәбірленуші тарапқа жақтасты деп кінәлады.

Талқылау