Шерзат Полаттың өлімі бойынша басты күдікті кінәсін мойындамайды
Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысында басты күдіктілердің бірі жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Шерзат Полаттың өлімі бойынша “Адам өлтіру” бабымен 25 жастағы Шынасыл Абзал сотқа тартылып жатыр. Ол сотта жауап беруге дайын емес екенін айтты.
“Іс көлемді болғандықтан, біз жауап беруге дайын емеспіз. Қорғанымдағы айыпталушы кінәсін мойындамайды. Сот процесін жалғастыруға дайын емеспіз”, – деді сотталушының адвокаты.
Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды.
Толығырақ Stan.kz Youtube-арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар:
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген