Шерзат өлімі бойынша сот: Сотталушылардың бірі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті
Тікелей эфирден скриншот
Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотта сотталушы Әскентай Дархан жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың үстінен іс қозғауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
3 маусым жарыссөз кезінде сотталушыларға кезек берілді. Осы тұста “Бұзақылық” бойынша сотқа тартылған Дархан Әскентай жағдайды ушықтырған жәбірленуші тарап екенін айтты.
“Ең алдымен, Шерзаттың жатқан жері жайлы болсын. Мен Нұрбол досымды кек алу үшін шақырмағам. Ешкімге қол көтермедім, қолымда пышақ болмады, ешкімді теппедім. Барған кезде төбелес болады деп ойламадым”, – деді сотталушы.
Сот отырысында айыпталушының адвокаты Шерзат пен оның туыстарын соттауды сұрады
Сөзінше, Қаржаубай Нұрымов Шерзатқа жалған ақпарат бермеуі керек еді.
“Қаржаубай Шерзатқа жалған ақпарат беріп, арандатпағанда, кейін пышақ шығармағанда, мұндай жағдай болмас еді. Ерегес бастаған, адам жинаған, пышақты бірінші алған Қаржаубай еді”, – деді ол.
Ол Қаржаубай Нұрымовтың үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғауды сұрады. Себебі ол да бұзақы іс жасады деп санайды.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың қазасына қатысты сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға жаза сұраған еді.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
