Ресейдегі шеруді трансляциялау кезінде Alma TV арнасына кибершабуыл жасалған
“Алма ТВ” компаниясы кибершабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
9 мамырда "Алма ТВ" телеарнасының интернет-хабарламасында ақаулар болып, хабары өшіп, кейін барлық арнасында үгіт-насихаттық бейнероликтер қосылып кетті.
"9 мамырда сағат 12:02-де интернет-хабар таратуда үзілістер болғанын хабарлаймыз. Аналогтық, цифрлық, спутниктік телевидение қызметтері әдеттегідей жүргізілді. Қызмет провайдерінен алынған ақпаратқа сәйкес, бұған көп деңгейлі кибершабуыл себеп болған.
Компания мамандары оқиғаға жедел ден қойып, қызметті қалпына келтіру үшін қажет шараларды қабылдады", – деп мәлімдеді Alma TV.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"