Шендінің пара алып жатқаны видеоға түсіп қалды
Жамбыл облысының құқық қорғау қызметінің майорын сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында 35 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке Рысқұлов ауданының қорғаныс істері бойынша бөлім басшысы ілікті. Болжам бойынша шенді ақшаны әскери билетті жасап беруге және әскери тіркеуде тұрғаны туралы анықтама беру үшін алған.
"Процессуалды тұтқындау жүзеге асырылмады. Себебі қорғаушы азаматтың сотқа өз бетімен келеді деген өтінішхат берген. Алдағы уақытта оның кінәсі сот барысында анықталатын болады", - делінген жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдемесінде.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды