Шекарашылар ел аумағынан 300 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз шығармақ болғандарды ұстады
ҰҚК Шекара қызметі аймақтық бөлімінің қызметкерлері 24 және 31 қаңтар аралығында елден заңсыз ақша шығармақ болғандардың жолын кесті. 1 апта көлемінде мұндай 24 дерек тіркеліп, шетелдік валютадағы 311 526 967 теңге тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел аумағынан заңсыз ақша шығармақ болғандар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан және Өскемен қалаларында қолға түскен.
Материалдар Экономикалық тергеу қызметі мен мемлекеттік табыстар органына жіберілген.
"ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығатын азаматтарға ақшаны алып шығу кезінде заңды бұзбауды және қаржыны мағлұмдау керегін еске салады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін депутат Үкімет басшысынан мемлекет ақшасын жымқырып отырған компанияларды жабуды талап еткен еді. Депутаттың сөзінше, бұл қаржының қайта кетіп жатқаны құпия болып отыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар