Мемлекеттен ақша ала беретін ұлттық компанияларды жабу керек - мәжіліс депутаты
Мәжілісмен Берік Дүйсенбинов Үкімет басшысына мемлекет ақшасын жымқырып отырған ірі компанияларды жабуды талап етіп, сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Берік Дүйсенбинов квазикәсіпорындардың жарғылық капиталы мен шығындары мемлекеттік бюджеттің миллиардтаған сомасымен толықтырылатынын айтты. Алайда ол қаражаттың қайда кетіп жатқаны, офистік шығын, көліктер одан бөлек сыйақылары мен бонустары туралы ақпараттар белгісіз күйде. Депутат олардың табыстарын, және оны қалай пайдаланатынын да ешкімнің білмейтінін жеткізді.
Сондықтан жемқорлық пен мемлекет қаржысын қалтаға жымқыру дәл осы жерде көрініс табатынын түсіндірген мәжілісмен бірнеше компаниялардың аттарын атап шықты.
“Бәйтерек қоры "СК-Фармация" қоры, "Парасат" холдингі, СПК сияқты қаптаған РГП, АО және ТОО-дан аяқ алып жүру мүмкін емес", - деді Берік Дүйсенбиев.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”