Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің көшбасшылары галстуксыз кездесу өткізді
15 қыркүйекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға келген Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдердің басшыларымен бірге "Мәңгілік қала" кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитінің қатысушыларын "Мәңгілік қала" кешенінде қабылдады.

Мемлекет басшылары бейресми пікір алмасып, өзбек ұлттық тағамдарынан дәм татты. Сонымен қатар галстуксыз кешкі асқа қатысты. Ел көшбасшыларының құрметіне отшашу атылды.

Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған