Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шағымдансам, баламды өлтіретінін айтып қорқытты": Өзбекстандық ерлі-зайыпты Қазақстанда құлдыққа қалай түскендері туралы айтты

Өзбекстандық ерлі-зайыптылар Қазақстанда құлдықта болғандары туралы айтып берді. Олар жұмыс іздеп, Таразға келген. Ал жаңа жұмыс берушілері тұру ықтиярхат жасап беремін деп төлқұжаттарын алып, кейін қайтармаған көрінеді. Жарты жыл бойы жертөлеге қамалып, күндіз-түні нан пісірген. Ал әйел құлдыққа түскен уақытта жүктіліктің үшінші айында болған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

құлдық

Ерлі-зайыптылар құлдықтан қашып құтылған. Осыған ұқсас оқиға тағы бір өзбекстандық әйелдің басынан өткен. Ол танысына сенім артып Алматыдағы дәмханалардың біріне жиыстырушы болып жұмысқа орналасқан. Алайда жұмыс беруші әйел жарты жыл бойы еңбекақы бермей тек қорқытып келді дейді.

"Егер біреуге шағымдансам балаларымды өлтіретінін айтып қорқытты. Өзімді де өлтіретінін айтты. Құжаттарымды тартып алды. Қоқан-лоқы көрсетті. Осы себепті біреуге қоңырау шалуға қорықтым", – деді зардап шеккен әйел. 

Жапа шеккен азаматтар арнайы паналардың бірінде көмек алып, отандарына қайтарылған. Құқық қорғаушылардың сөздерінше, Қазақстанда құлдыққа түсетіндердің басым бөлігі Өзбекстан тұрғындары екен. 

"2020 жылы 35 адамға көмек көрсеттік. Оның 30-ы ер адам, 5-і әйел. Өзбекстан бірінші орында, Польша, Ресей мен Қырғызстан азаматтары да бар. 2021 жылы 60 адамға көмектестік, олардың 51-і еркектер болса, 9-ы әйелдер. 56 адам Өзбекстан азаматтары", – дейді "Родник" бейімдеу және әлеуметтік-псхиологиялық оңалтау" Қоғамдық қорының директоры Нина Балабаева.

Талқылау