Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сеулдегі оқиғадан қаза тапқандардың ішінде қазақстандық студент бары анықталды

Сеулдегі оқиғадан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматы бары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды.

Полицейлер оқиға болған жерден оның ұялы телефоны мен құжаттарын тапқан. Марқұм Хэллоуин фестиваліне достарымен бірге барған. 

“Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде”, – делінген сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде. 

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 150-ден астап адам қаза болып, тағы 150-ден астамы жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған. Небәрі ені 4 метрді құрайтын көшеде бір уақытта шамамен 100 000 адам болған. Бүгін елде аза тұту күні жарияланды.

Талқылау