AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сертификаты жоқ": Алматылық тұрғын дәріханаларда рұқсат етілмеген дәрілердің сатылып жатқанына наразы

Алматы облысындағы дәріханалардың бірінен сертификаты жоқ антибиотик сатылған. Оны жергілікті тұрғын Ерлан Сариев бес жасар ұлында дәріні қабылдағаннан кейін аллергиялық реакция пайда болған кезде білген. Ер адам неліктен еліміздегі дәріханаларда жалған дәрі-дәрмектің сатылатынын анықтауға шешім қабылдаған. Бұл шынымен солай ма және препараттың сертификаты бар-жоғын қалай анықтауға болады? Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

дарилер

Бес жасар Адият Аманғалиннің тамағы ауырып қалады. Ата-аналары баланы үйден емдеген. Алайда антибиотикті қабылдағаннан кейін баланың денесі қышып, терісі қабыршықтана бастаған. Әкесі Ерлан ұлын ауруханаға апарады. Ол аллергиялық реакцияның себебі елге заңсыз әкелінген дәріден екеніне сенімді.

"Арнайы сынамамен укол салдық, бірақ бір күннен кейін тіпті 10 сағаттан соң аллергия басталды. Бала терлеп, денесі қышып, жылай бастады. Дәрінің сертификаты жоқ. Ол фармакологиялық бақылаудан өтпеген. Кейбір компоненттер фармацевтикалық бақылаудан өтпегендіктен, Қазақстанда оны сатуға тыйым салады. Оның көзін жою керек", - дейді Алматы облысының тұрғыны Ерлан Сариев.

Ал отбасына дәрі-дәрмекті сертификатсыз сатқан дәріхана препаратты жоюға асықпайды. Ерланның шағымына қарамастан, мұнда дәл сол антибиотиктер әлі сатылып жатыр. Басшысы болса сертификаттар мен лицензияларды тексеру оның жұмысы емес екенін алға тартады.



"Біз келген әрбір дәріні тексеріп отырмаймыз ғой. Әкелінген заттарды сатамыз. Жақында бұл препараттарды жеткізушіге қайтарып береміз", - дейді Гүлдария Еркебаева.

Жеткізілген партияда екі мың апмула антибиотик болған. Оның қаншасын сатып үлгергенін дәріхана ашып айтпады. 

Сертификаттың болуын препараттың қаптамасынан көруге болады. Онда РК-ЛС жазуы мен қазақ тілінде аннотация болуы керек. 

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тіркеусіз бір реттік әкелуге рұқсат етілген дәрілердің тізімі бар екенін атап өтті. Олар жәбірленушілерден шағым келіп түскенде ғана дәріхананы тексеріп, дәрінің бұл тізімде жоқтығына көз жеткізе алады. Фармацевтикалық бақылау комитеті сонымен бірге мәселені егжей-тегжейлі анықтап, тексеру жүргізбейінше дәрі-дәрмектің сатылуын тоқтата алмайтынын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр