Серік Күдебаев Талдықорғанда сот отырысына келмеді: Генералға халықаралық іздеу жарияланды
Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев тағы да сот отырысына келген жоқ. Көп ұзамай шекара қызметі генералдың Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткенін растады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған соң генерал сот отырысына келмеген. Бастапқыда мұны Күдебаевтың денсаулық жағдайымен байланыстырса, кейін сотқа келмеу себебін мүлде түсіндірмеген.
Полиция департаментінің экс-басшысы тағы да сотқа келмегендіктен прокурор қылмыстық істі тоқтатып, іздеу жариялау туралы өтініш білдірді.
Көп ұзамай ҰҚК Шекара қызметі Серік Күдебаевтың Түркияға қашып кеткенін растады. Ал прокуратура генералға халықаралық іздей жариялады.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркия қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі