"Сенің жігерің басқаларды қанаттандырады": Тоқаев елордалық Әли туралы жазба қалдырды
Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Суперкубогын марапаттау рәсіміне қатысқан қазақстандық Әли Тұрғанбековке сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков "Ливерпуль" мен "Челси" арасындағы УЕФА Суперкубогына арналған марапаттау рәсіміне қатысты. Сенің жігерің басқаларды қанаттандырады. Барлық арман-тілегің орындала берсін", - деп жазды мемлекет басшысы.
Марапаттау рәсімінде ойыншылардың әрқайсысы Тұрғанбековты құшақ жая қарсы алды, оны "Қазақстандық Ник Вуйчич" деп атайды.
"Ливерпуль" капитаны Джордан Хендерсон УЕФА Суперкубогын жеңіп алып, Тұрғанбековке ұстатты. Матч алдында 11 жастағы Тұрғанбеков "Ливерпуль" және "Челси" жаттығуларына қатысып, футболшылармен бірге ойнады.
Бұған дейін Нұр-Сұлтаннан келген Әли Тұрғанбеков көптеген футбол жұлдыздарымен, соның ішінде Диего Марадона, Лионель Месси, Андрей Шевченко, Неймар және басқалармен кездескен еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"